Жалғыз қайың

Бұл бетте «Жалғыз қайың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 878
Жабырқаған жалғыз қайың,
Мұң шағады көрген сайын.
Сағыныштан сарсаң болған,
Кім ұғады оның жайын?

Қайырмасы:
Жапырағы шөлдеп,
Жапанда жел тербеп,
Салады көңілге сары уайым,
Жалғыз қайың, арман,
Жалғыз қайың...

Сырласуға сыңар қайда,
Жалғыз қайың терең ойда.
Жалғызсырап, жаны жылап,
Қол созады күн мен айға...

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз қайың өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз қайың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз қайың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз қайың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері