Меруерт моншақ
Бұл бетте «Меруерт моншақ» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағыныштан,
Алып ұшқан,
Қоңыр қаздай арманай!
Көл таба алмай,
Жерге қонбай,
Қанатының талғаныай!
Қайырмасы:
Оу, арманай,
Беу, жалғанай.
Шіркін, сол шақ,
Меруерт моншақ,
Қара көзден тамғаныай!
Қайғың үдеп,
Жаның жүдеп,
Жүрек оттай жанғаныай!
Аңсағанда,
Шаршағанда,
Зарықтырған жалғанай!
Қайырмасы.
Дауыл соғып,
Бауыр тоңып,
Сергелдеңге салғаныай!
Мөлдір жырдың,
Сол ғұмырдың
Көңілімде қалғаныай!
Қайырмасы.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі