Егіздер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Егіздер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4929
Текті ғана тартып туар негізге,
Жұбан-Жайық! Ұқсатам мен егізге.
Жұбан жырын санамызға сіңірсек,
Жайық барып құйып жатыр теңізге.
Орал таудан басын алса Жайығым,
Жұбан ақын өрге салды қайығын.
Жұбан-Жайық! Кіндігі бір алыптар,
Алып деген екеуіне сай ұғым!
Шымырлайды ұлы арнаның айдыны,
Секілденіп дауылпаз жыр айбыны.
Жұбанынан, сыңарынан айрылып,
Жайық көптен, Жайық көптен қайғылы.
Жайық суы аға берер мәңгілік,
Елдің шөлін, жердің шөлін қандырып.
Жұбан жыры болашаққа барады,
Жүректерде намыс отын жандырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері