Атаның әлдиі – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Атаның әлдиі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1326
Балапан құсым – бөбегім,
Көзіңнен бақыт көремін.
Жанымның сөнбес нұрына,
Бөбегім, сені бөледім.

Қайырмасы:
Әлди, әлди, бал бөпем,
Әнге құлақ сал, бөпем.

Атаң менен әжеңе
Сенен тәтті бар ма екен!?
Әлди, әлди, немерем,
Ыстық едің не деген!?

Ержетіп ертең, жайнарсың,
Еліңнің қамын ойларсың.
Теңіздей терең өмірдің
Түбіне сен де бойларсың.

Қайырмасы.

Бабаңның салтын сақтарсың,
Далаңның жырын жаттарсың.
Ардақтап туған тіліңді,
Анаңның сүтін ақтарсың.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері