Отаным – Қазақстаным – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Отаным – Қазақстаным» атты Несіпбек Айтұлы жазған отан туралы өлең берілген.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2190
Аяулы атыңды ардақтап өтемін,
Алысқа аттансам,
Құстай ұшып, қайта жетемін!
Жолыңа жаным құрбан қайда жүрсем де,
Сен аман бол,
Сен аман бол,
Атамекенім!

Киелі туыңды көгіңде ұстадың,
Алдыңа әрқашан
Басын иіп келсін дұшпаның!
Бақ қонған бірлік берсін байтақ еліңе,
Сен аман бол,
Сен аман бол,
Қазақстаным!

Ұласқан ұрпаққа дәстүрі атаның –
Мұраты мәңгілік
Кеше­-бүгін берген батаның!
Нұр жаусын болашаққа тартқан көшіңе,
Сен аман бол,
Сен аман бол,
Туған Отаным!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері