Қаракерей Қабанбай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қаракерей Қабанбай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2565
Күн туса ел басына әлде қандай,
Атойлап атқа қонған ер Қабанбай.
Жаратып Тәңір өзі жаннан бөлек,
Сүйегін шар болаттан сомдағандай!

Қайырмасы:
Қазаққа қорған­-қамалдай,
Қалмаққа төнген зауалдай,
Айқаста аруақ шақырған,
Алысқан жауын жапырған,
Қаракерей Қабанбай!
Атағы жерді жарғандай,
Айбыны көкті алғандай –
Бабалар, сендер болмасаң,
Даланы қорғап қалмасаң,
Болады бүгін ел қандай?!.

Атылған жолбарыстай жауға жастан,
Ерлігі Ерасылдың елден асқан.
Даланы Дарабоздың даңқы тербеп,
Ұрпағы жырға қосқан, әнге қосқан.

Қайырмасы.

Тұлпарлар кең далада салып ойнақ,
Батырлар жауға шапқан «Абылайлап!».
Бабалар, аруағыңнан айналайын,
Қан кешкен қалың елдің қамын ойлап!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері