Бұл бетте «Сағыныш» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағындым сені,
Сағындым сені,
Көңілдің шері
Тарқамай.
Аңсаған кезде,
Өзіңнен өзге,
Көрінбес көзге,
Сүйген қалқамай!
Қайырмасы:
Мөлдір шықтайсың,
Естен шықпайсың,
Қанатым сынғанша,
Жүрегім тынғанша.
Соғады сен деп,
Соғады сен деп,
Лебіңе шөлдеп
Бұл жүрек.
Өтеді дәурен,
Өртенер кеудем,
Келсеңші, сәулем,
Гүлдей үлбіреп.
Қайырмасы.
Сен мені сөкпе,
Сен мені сөкпе,
Өкпелеп текке,
Жалғанға.
Жылатқан неше,
Айырған кеше,
Қосамын десе,
Тағдыр таңғалма!
Қайырмасы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі