Сен кеткенде

Бұл бетте «Сен кеткенде» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1907
Есіңде ме жазғы таң ауылдағы,
Ерке бұлақ жүгірген бауырдағы.
Ауылыңнан алысқа сен кеткенде,
Аласұрдым толқындай дауылдағы.

Қайырмасы:
Сағындырған сайран көл, салқын сазың,
Қала берді қол бұлғап жарқын жазың.
Қанатыңнан қайырылсаң, бар ма лажым,
Қоңыр қазым,
Саған айтпай кімге айтам көңіл назын,
Қоңыр қазым?!

Бауыр басып мекенге шалғайдағы,
Шөліркеттің тамшыдай таңдайдағы.
Таптырмайды жер-көктен іздегенің,
Бақ жұлдызың жанбаса маңдайдағы.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кеткенде өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен кеткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кеткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кеткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері