Боздағым-ай! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Боздағым-ай!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1998
Дүние, жұмбақ едің, шіркін, неткен,
Аққулар орала ма былтыр кеткен?
Аққулар оралса да былтыр кеткен,
Боздақтар оралмайды­ау қыршын кеткен.

Қайырмасы:
Арманда кеткен боздағым­ай,
Дертімді менің қозғадың­ай!
Тұрасың көз алдымда сен мөлдіреп,
Дариға-ай, тірілер ме өлген жүрек!

Қара жер жаралғалы не көрмеген,
Талайды тағдыр тізіп көгендеген.
Кетсе де адам өліп, арман өлмес,
Бір үміт жетелейді келер деген.

Қайырмасы.

Өмірде шешілмеген сұрақ қанша,
Сырқырар сай­-сүйегің сыр ақтарса.
Арқалап болашаққа жеткізейік,
Балталап бәйтеректі құлатқанша.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері