Аяулы арман дүние – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аяулы арман дүние» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1838
Барады күндер көшіп керуендей,
Жанарға жас келер ме тебіренбей?!
Алыстан қол бұлғайды асқақ арман,
Бұлдырап сары белдей бері келмей,
Айналып келмес өмір-ай!..

Қайырмасы:
Жүректе жатқан,
Жаныма батқан,
Көңілдің күйін сен тыңда,
Тұрмайды өмір қалпында.
Алыстан тербетерсің,
Аңсатып шөлдетерсің,
Мен қалып, сен кетерсің,
Аяулы арман дүние,
Қайтып сен оралмайсың.
Жұлдыздай көктен
Сәулесін төккен,
Жеткізбей елесіңе,
Неге алдайсың?!.

Адамдар бірін­-бірі неге алдайды,
Жоғалтса іздегенін таба алмайды.
Қайырылып жыл құсындай қайран дәурен,
Көліне қона алмайды, оралмайды.
Айналып келмес өмір-ай!..

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері