Бұл бетте «Ізгілік пен зұлымдық» атты Нарша Булгакбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ізгілік іздейтін жандарға,
Әулиелік келіп қонады.
Зұлымдық іздейтін жандарға,
Күнәлар келіп қонады.
Залымдар бірдей ойлайды,
Барлығы алмисах серт бұзған.
Ізгілер жауыз болмайды,
Солармен күресіп дерт болған.
Залымдар өзін танымас,
Оттан екенін білмесе.
Ізгілер өзін танымас,
Имандылықты сезбесе.
Жақсы мен жаман аяқ астынан,
Абайлап аңдап жүрерсің.
Ізгі мен залым табан астынан,
Солардың бәрін көрерсің.
Үнемі мұңайып жүрсең егер,
Қара бұлт торлап кетеді.
Үнемі шаттанып жүрсең егер,
Жымиып жаз да келеді.
Санаға салмақ болмаса,
Өмірің өзіңнен қашу болар.
Жүрекке салмақ болмаса,
Өмірің өзіңмен алысу болар.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі