Аққуым сен екенсің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аққуым сен екенсің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1117
Жанардан үзілтіп талай,
Сағыныш тамшыларын,
Өзіңсіз жүргенмін қалай,
Қарсы алып таң шуағын?

Қайырмасы:
Көңілдің ажары болған,
Шаттығым, мерекемсің.
Махаббат көліне қонған
Аққуым сен екенсің!

Жұлдызым жанар ма менің,
Бір өзің жолықпасаң?
Қанатың болайын сенің,
Көгімде қалықтасаң.

Қайырмасы.

Сыңарын табар ма жүрек,
Сарғайып, сағынбасаң?
Қалармын жабырқап, жүдеп,
Қасымнан табылмасаң.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері