Ауылым менің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ауылым менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1674
Ауылым, сенде жарқырап атқан,
Жарқырап атқан таң қандай!
Балалық шақта лүпілдеп соққан
Жүрегім сенде қалғандай.

Қайырмасы:
Толқытып жанды, шырқатып әнді,
Көңілді көкке өрлеткен.
Ауылым менің, жасай бер мәңгі,
Үкілі бесік тербеткен.

Ауылым, сенде қызықпен өткен,
Шаттықпен өткен күн қандай!
Сәттерде саған сағынып жеткен,
Боламын қайта туғандай.

Қайырмасы.

Ауылым, сенде әкемнің көзі,
Бабамның асыл сөзі бар.
Өзіңсіз қалай өмірдің өзі,
Өшпейтін жыр боп жазылар?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылым менің өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ауылым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылым менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауылым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері