Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 9440
Беу, дүние, өмірдің
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын
Көк сағымдай ойнаттың.
Кету үшін бір көріп,
Жердің бетін жайнаттың.
Жүрегіме тіл беріп,
Бұлбұл құстай сайраттың.

Қайырмасы:
Шіркін­ай, шіркін­ай,
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай!
Үміт қуған пендеге
Жеткізбейсің сен неге?
Ғашық ғұмыр тояр ма
Сенің жарық сәулеңе?
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай,
Арман дүние­ай!
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай,
Жалған дүние­ай!

Беу, дүние, өзіңнің
Пәктігіңе сенемін.
Тұнығына сезімнің
Жүрегімді бөледің.

Сенен алған сыйымды
Несін айта беремін?
Әттең, құлақ күйіңді
Таба алмай­ақ келемін.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері