Жалт-жұлт еткен дүние-ай!
Бұл бетте «Жалт-жұлт еткен дүние-ай!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Беу, дүние, өмірдің
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын
Көк сағымдай ойнаттың.
Кету үшін бір көріп,
Жердің бетін жайнаттың.
Жүрегіме тіл беріп,
Бұлбұл құстай сайраттың.
Қайырмасы:
Шіркінай, шіркінай,
Жалт-жұлт еткен дүниеай!
Үміт қуған пендеге
Жеткізбейсің сен неге?
Ғашық ғұмыр тояр ма
Сенің жарық сәулеңе?
Жалт-жұлт еткен дүниеай,
Арман дүниеай!
Жалт-жұлт еткен дүниеай,
Жалған дүниеай!
Беу, дүние, өзіңнің
Пәктігіңе сенемін.
Тұнығына сезімнің
Жүрегімді бөледің.
Сенен алған сыйымды
Несін айта беремін?
Әттең, құлақ күйіңді
Таба алмайақ келемін.
Қайырмасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі