Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.
Өзіңсіз күнім күн бе екен,
Өзіңсіз түнім түн бе екен?
Тауыңда өрген киіктің
Тұяғы бүтін жүр ме екен?
Қайырмасы:
Туған жер, сені сағындым,
Сарғайды гүлі жанымның.
Өзіңе мені тартады,
Тамшысы кіндік қанымның.
Өзіңмен ғана нұрлы екем,
Өзіңмен ғана құнды екем.
Көгіңде ұшқан құстардың
Қанаты бүтін жүр ме екен?
Қайырмасы.
Ай ма екен әлде жыл ма екен,
Айналып саған бір жетем.
Төсіңде жүрген бауырдың
Бауыры бүтін жүр ме екен?
Қайырмасы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі