Махаббат назы
Бұл бетте «Махаббат назы» атты Несіпбек Айтұлы жазған махаббат туралы өлең берілген.
Аялағаным, саялағаным, бағалағаным бағыма,
Еркелей басып, құшағыңды ашып, жақындау келші жаныма.
Еркіңе көнбей, толқыған көлдей, шалқыған желдей, шіркін-ай,
Өзіңе мәлім өмірдің әнін қозғашы, жаным, сағына.
Қайырмасы:
Сәттері қандай,
Тәтті еді балдай,
Әттеңай, сол бір таңдар-ай!
Арманай!
Сенген ардағым, таңдап алғаным, қонған арманым қолыма,
Жанымның нұрын, көңілдің гүлін төсейін жүрер жолыңа.
Басыңда тұрмай, жығылған тудай, жүгірген судай, шіркінай,
Өткенше дәурен, ризамын, сәулем, қасымда сенің барыңа.
Қайырмасы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі