Үржарым менің, Үржарым! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Үржарым менің, Үржарым!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1702
Қадірін, қасиетін білген жанға,
Үржарға жер жетер ме бұл жалғанда?!
Жайнайды, жарқырайды Тарбағатай,
Көктемде гүл-бәйшешек бүр жарғанда.

Қайырмасы:
Көгілдір таудың етегі,
Көркіне ғашық етеді.
Жайнай бер, Барқытбел,
Пай­-пай­ау,
Үржарым менің, Үржарым!
Жүректен шыққан бұл әнін,
Шырқайды туған ұланың.
Жайнай бер, Барқытбел,
Пай­-пай­ау,
Үржарым менің, Үржарым!

Жамылған жасыл желек бар әлемі,
Малға бай жайлауының төрі әдемі.
Жайқалып бөктерінде алтын дәні,
Шалқиды толқын атқан Алакөлі.

Қайырмасы.

Шөбінен топырағын танығандай,
Жеміс пен тіл үйірген балы қандай!
Барлық пен Алакөлге аунап қайтсаң,
Бойыңа бір құдірет дарығандай!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері