Бұл бетте «Әке» атты Гульнази Назарова жазған әке туралы өлең берілген.
«Әке» деген бір тұлға
Ыстық сөз ғой әрбір жанға.
Әкеммен мен мақтанамын,
Жақсы ісімен шаттанамын.
Колхоздың жұмысына күшін салды,
Еңбегін ешқашанда аямады.
Ерен еңбек көзге түсіп,
Жастар одан үлгі алды.
Ұлы Отан соғысының ардагері
Отан үшін төккен терді.
Әртістер бейнесін сомдап, рөлінде ойнап,
Еткен еңбек бағаланды.
Әкем менің мақтанышым
Үлгі етемін балама.
Менің әкем жақсы адам деп,
Сағынышпен еске ала.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі