Абылай ханның «Ақ үйі» – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Абылай ханның «Ақ үйі»» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1087
Абылай ханның «Ақ үйі» –
Тарихтың тарлан белесі.
Айтылып жүрді тым жиі,
Сағынтып елді төбесі.
Жырына қосты бұл үйді
Үкілі Ыбырай бабамыз.
Содан соң бізге мұң үйді,
Болғандай көпке бәрі аңыз.
«Гәккушіл» ақын атылды,
«Ақ үй» де өшті кешікпей.
Күрсінтті алыс­жақынды,
Күтімсіз қалған мешіттей.
Кеңестің ісі жандайшап,
Кесірін кімдер айта алды?
Санаменен сарғайсақ,
Дербестік бәрін қайтарды.
Елбасына мың алғыс,
Киелі төрді жаңартқан.
Туғандай қайта құмар құс,
Тамсантып елді қаратқан.
Толқыды бітік егін де,
Ақ қайың шексіз орманы.
Шалқыды дала шебінде
Орнатқан Абылай қорғаны.
Зер салсақ, достар, осында,
Тарихқа терең зерттеткіш.
Орнады «Ақ үй» қасында
Абылайға жаңа ескерткіш.
Жадына қанша наз түйді,
Шекара шебі алыстан.
Алатау, Алтай, Каспийді
Көрсетіп тұр данышпан.
Дегендей болды «А, Құдай,
Дұшпанға ызғар, сес берем».
Сиынды­ау сонда әз Абылай
Түркістанға, Көкшемен.
Абылай ханның мүсіні
Президент қостап жетілді.
Тебірентер көрген кісіні,
«Мыс салт атты» секілді.
Сілкінді «Ақ үй» белгі боп
Абылайдай асыл еріме.
Сұқтанып қарау енді жоқ
Телегей­теңіз жеріме.
Қуаныш шексіз халқымда,
Жыр төксем, айтар ән дайын.
Жарқылда жаңа қарқында,
Жайнасын, «Ақ үй», маңдайың!
Ұмытпас талай ғасырлар,
Ұрпаққа үлгі ғұмырың.
Құтты болсын, Қызылжар,
Бүгінгі шалқар дүбірің!

19.10.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абылай ханның «Ақ үйі» өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Абылай ханның «Ақ үйі» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абылай ханның «Ақ үйі» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абылай ханның «Ақ үйі» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері