Бұл бетте «Көңіл назы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірдің жазы өтіп,
Қысы қалды,
Көңілдің іші тозып,
Тысы қалды.
Сыр бермей серілікпен жүрсемдағы,
Кәрілік қыр соңыма түсіп алды.
Барады жылдар өтіп ағындаған,
Таусылмас, қайран көңіл, назың маған.
Баяғы қызыл ішік киген қызды
Боламын сағынсам да сағынбаған.
Келер деп ел шетіне сырласуға,
Қарайлап тұрғандаймын шың басында.
«Жезкиік» жаутаң қағып жұртқа жайды,
Қалғандай аңыз болып бір ғасырға.
Ақтарсам айтылмаған үзік сырды,
Жүрекке тым ертерек бұзық кірді.
Көкшетау көп қызының еркесі едім,
Бір қызы Қызылжардың қызықтырды.
Қыс келсе бар құпия баяндалды,
Шабыс жоқ қара жорға аяң қалды.
Көз салған аққуқазға дәурен өтіп,
Бәйбішем, сенің ғана саяң қалды.
11.12.2010
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі