Бұл бетте «Кең жалғанды тарылтпа» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ән салсам сағынышты тереңдетіп,
Арманға көрем деген келем бекіп.
Аққудай сыңарына ұша тартқан,
Лебіңмен жібергейсің тез емдетіп.
Қалқатай! Осы күнде жүрсің қайда?
Кездестім белгі бермес тосын жайға.
Қиядан қақ жолымды кесіп өтер,
Жарқ етші жезкиіктей осындайда.
Талмаурап аш беліңді айқармаған,
Арызназ көп еді ғой айта алмаған.
Бақытын кездесудің бір көрейік,
Мезетін құштар шақтың қайтар маған.
Әйтеуір, не де болса, сағынтпашы,
Есімнен сау күнімде жаңылтпашы.
Боларын бір қызықтың анық білем,
Тірідей кең жалғанды тарылтпашы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі