Өлең, жыр, ақындар

Қажымұратқа алғысым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Төлегендей мүсінші інім қасымда,
Тұрдық үнсіз Еркін аға басында.
Осы да бір есте қалар мезет­ау,
Айқын таңба біздің шеккен ғасырға.
Белгі ғажап Ерағаңдай асылға,
Сүйсіндірер көрген дос пен қасын да.
Өшпестей боп ел алғысы жазулы
Ескерткіштің биік тұғыр тасында.
Тере берсем ой жетеді ақынға,
Сәт үйір­ау жүректері жақынға.
Еркін төрі – орталығы ауданның,
Дана туған Ғабит аға атында.
Мың сыбырлап, тебірентеді ойдағым,
Бір өзіңе алғыс айту сондағым.
Бір ауданды атап Мағжан атымен,
Сәбит, Ғабит жасап кеттің тойларын.
Мәриям апай бәрін көріп үлгерді,
Президент те оған тойлы гүл берді.
Көзім көрген, ұмытуға хақым жоқ
Жыр төгілткен сол тарихи күндерді.
Бұл күндерді десең неге толғаттың,
Қажымұрат, алғыс айтар жол таптым.
Ел Еркінмен еңіреп жүріп қоштасса,
Сен тас белгі – зор ескерткіш орнаттың.
Еңбек Ері, азамат қой аты ірі,
Маған керек жан ағаның бақұлы.
Мың, мың рақмет!
Бақытты бол, Қажеке,
Солтүстіктің сол кездегі әкімі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажымұратқа алғысым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қажымұратқа алғысым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қажымұратқа алғысым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажымұратқа алғысым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері