Абайша терең қарашы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Абайша терең қарашы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Періште мен шайтанды
Айыра алмай қалар ма ек,
Абай бізге ой салды,
Тұжырым айтты болар сеп.
Періште болған әу баста
Деді Абай нағыз шайтанды.
Шайтандыққа алмасса,
Байлыққа бойы шайқалды.
Тоймастыққа қызықты,
Аждаһаға жарасқан.
Періште аттап сызықты,
Көк шайтан болды адасқан.
Қазынаға ел бергенін
Құлқына етті қолайлы.
Магнаттар десе сенбегін,
Қалталы шайтан молайды.
Барына етпей қанағат,
Соза берген көмейді.
Ой, Алла­ай, неткен ғаламат!
«Шайтанчиктер» көбейді.
Абайша терең қарашы,
Ұғуға үнсіз тырысып.
Барады­ау адам баласы
Шайтандыққа ығысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайша терең қарашы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Абайша терең қарашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайша терең қарашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абайша терең қарашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері