Бұл бетте «Бақыт жеңгем» атты Кәкімбек Салықов жазған бақыт туралы өлең берілген.
Бақыт жеңгем –
Бәйкен аға тірегі,
Қыз Жібектей Төлегеншіл жүрегі.
Ел ағасын барша қазақ сыйласа,
Жалау болған жеңешемнің тілегі.
Жасыбайдың тазалығы жұғыпты,
Сырымбеттің даналығын ұғыпты.
Жетісуға, Сара апасы секілді,
Көрсетіпті әз жеңгелік ғұрыпты.
Басқан ізін кең ақылмен өлшетті,
Нар тұлғамен ұлқыз баулып жол шекті.
Жағаласпай Жарлығына Совминнің,
Ханымдарға кемеңгерлік көрсетті.
Бақытты екен Әшімовтер әулеті,
Бақыт жеңгем – сол әулеттің сәулеті.
Үлесі бар менің осы жеңгемнің
Қазағымның мықты болса дәулеті.
Сүйеу болса асыл ару асылға,
Қолдаушысы болды берік қасында.
Жеңгелердің маршалы деп өтермін
Біздер шеккен жиырмасыншы ғасырға.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі