Өлең, жыр, ақындар

Қызылжар ескерткіш орнатты

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Нар тұлға, еңсегей ер еді,
Металлург лауреат атанған.
Мейірбан мінезі кең еді,
Ерекше көрінген қатардан.
Ар­намыс мол еді ісінде,
Шырқаған биікке шын ғалым.
Тапжылмай тер төгіп, ел білді
КарГУ­ді тамаша құрғанын.
Көшпелі өмірді көрсеткен,
Ұлтжанды есімі нұрланды.
Ол жазды әдеппен қол жеткен
«Атанның қомында туғанды».
Қинады кеңестік заман көп,
Үлкен төр ниеті тарылып.
Жүргенде көмірден мұнайды алам деп,
Кетті оқыс жүрегі жарылып.
Қайтадан паш етті атағың,
Нұрсұлтан биікке жеткенде.
Ол білді биліктің шатағын,
Тірідей түсірген күйікке.
Зор даңқы әлемге жайылды,
Есімі КарГУ­ге берілді.
Пәледен, жаладан айырды,
Өзіндей металлург сенімді.
Зор белгі Ебіней шақ келген,
Тас мүсін Қарағанды сомдапты.
Ал бүгін көшеге ат берген
Қызылжар ескерткіш орнатты.
Болашақ күндерге сенеміз,
Ебеке, еренсің дана дер.
Қарағанды, Қызылжар төрінде
Ел­жұрттың сәлемін ала бер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нар тұлға

  • 0
  • 0

Нар тұлға - Кәкімбек Салықов
(Еңбек Ері Еркін Әуелбековке)
Сөз сарасын жайнатып, мәнерлі етіп,
Шындықты айтсам қалмай ма әлем бекіп.

Толық

Ақын Тайжан

  • 0
  • 0

Ақын Тайжан
Ақынның жазылмайтын жарасы көп,
Кейде тау, кейде байтақ даласы боп
Кәкімбек Салықов

Толық

Елге оралғым келгенде

  • 0
  • 0

Елге оралғым келгенде
(Дәптерде қалған бір өлең)
Көп жүрдім­ау Мәскеуде,
Кәкімбек Салықов

Толық