Бұл бетте «Шөберем менің Әділге» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шөберем келді өмірге,
Сағындырып, аңсатып.
Орнады жайлау көңілге,
Жүрекке қонды бар шаттық.
Тірліктің қызық бұл шағы,
Қызыққа мөлдір қанғаным.
Ойлағанға бұлдағы –
Орындалған арманым.
Есен бол, Әділ, қарағым,
Ғалым бол, әйдік батыр бол.
Бек құтты болғай қадамың,
Ақиқатқа шатыр бол.
Әділ деген атыңа
Сай болсын бүкіл ғұмырың.
«Ұқсасын, – деген, – затына...»
Аллаға жетсін сыбырым.
24.03.2007.
Астана
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі