Гауһарға берген ақ бата – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Гауһарға берген ақ бата» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Бата деген – ақ тілегі халықтың,
Дәстүрі осы біздің ұлттық қалыптың.
Бақытты бол, айналайын Гауһаржан,
Биік төрде өзіңді бір таныттың.
Игере бер сұлу саздың ғарышын,
Есіміңді барлық әлем танысын.
Дана дарын
Мың жылда бір келетін,
Нұрғисаның аруағы дарысын.
Өрістей бер,
Абырой, атақ таптың көп,
Орындай бер
Сол қарқынмен ақ міндет!
Ақ батамның түйіні осы, Гауһаржан,
Қолдап жүрсін Құрманғазы, Тәттімбет!

2005.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері