Досыңның көзін ұғарсың – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Досыңның көзін ұғарсың» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2630
Көп жұлдыз көкте Ай болмас,
Сәулесі жерге жетпейді.
Қалтқысыз серік қай жолдас,
Адал дос тастап кетпейді.
Сүрініп кеттің – құларсың,
Таяныш таптың – тұрарсың.
Дәрменсіз күнде дәл келген
Досыңның көзін ұғарсың.
Жүрсең де қандай жұмақта,
Түссең де қанша сынаққа,
Досы жоқ өмір жұтпен тең,
Достықтың туын құлатпа,
Аңсаған сен де ұнарсың.
Ант еткен серттен жалт етсе,
Досыңның көзін ұғарсың.
Туыстың дос боп өтуі
Некен­саяқ, неғайбыл.
Туыс боп достың кетуін
Сыйластық заңы санай біл.
Тауға да биік шығарсың,
Жауыңды жеңіп тынарсың.
Ағайын сенбей тұрғанда,
Досыңның көзін ұғарсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері