Келемін ән емн жырдың қанатында
Бұл бетте «Келемін ән емн жырдың қанатында» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бойымда жалыны бар бұлан ердің,
Ойымда ағыны бар Құлагердің.
Шабыста топтан озып алға тартсам,
Келеді сол қалпымда тұра бергім.
Көп жырлап өткендер бар менен бұрын,
Ол бақыт екеніне сенем бүгін.
Халжайды жылдар көші анықтамас,
Шарықтап өрге ұмтылса өлеңжырым.
Ақындық жемісі мол бағындамын,
Артымды қою, будақ шаңым қалың.
Аралдың айқасындай атой салып,
Заманның ағымына бағынбадым.
Бақытым – бойға өлең дарығаны,
Беруге үлгермедім барын әлі.
Бұлқынсам Әму мен Сыр жағасында,
Жебеді Махамбет, Мағжан аруағы.
Көрінсем отты ақындық санатында,
Анамның ақ тілегі бар антымда.
Сенемін сергек сезім, ойлы ақылға,
Келемін ән мен жырдың қанатында.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі