Бұл бетте «Ашық сыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыздарға өлең көп арнадым жасымда,
Іңкәр болдым жер бетінде асылға.
«Жезкиікті» бар қазаққа паш етіп,
Белгі орнаттым кешегі өткен ғасырға.
Ағаларым дабыл қаққан кең төрде,
Інілерім жүрген сағым белдерде.
Күзім өтіп,
Қыс қырауы шалғанда
Қарай берем, арай төгем сендерге.
Үлкендерім –
Үркерленген легім,
Інілерім –
Өмір берген тірегім.
Сендер жайлы толғанайын мен бүгін,
Сұлулардан қолым тимей жүр едім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі