Жезқазған берген інілер
Бұл бетте «Жезқазған берген інілер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арпалыс кешкен кенші едім,
Қоштаған өлең жетегін.
«Егіз інім» деуші едім
Шынболат, Қуаныш екеуін.
Жақсыкелді – ол да інім,
Жалғастырған «Жезкиік».
Солармен сәнді әр күнім,
Салар ән, айтар сөз биік.
Інілер көп қой соңымда,
Тізбектеу бәрін шарт емес.
Тосқандай солар жолымда,
Тастайды елес әр белес.
Бір ананың жалғызы ем,
Достасып жүре көбейдім.
Жүрегім жаңа алды дем,
Керегем шалқып кеңейдім.
Биіктен ғана табылар,
Өнердің өңкей пірі дер,
Осалы жоқ, бәрі нар
Жезқазған берген інілер.
16.09.2006.
Астана
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі