Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы –
Кәкімбек Салықов
Бұл бетте «Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда барсам гүлдерді көрем сан қилы,
Бәрінен де ауылымның иісі аңқиды.
Көл шетінде қос аққуға қарасам,
Баяғы біздей төс тақасып балқиды.
Күн төбемде барады жылжып биіктей,
Сұлу қыздың жылуы қоймас сүйінтпей.
Әудем сәтте бұлтқа оранып жоғалды,
Айдалада сағымға кірген киіктей.
Түн де келді.
Жүрегім қайта жырлады,
Тоғайда тоты әсем үні тынбады.
Қызық екен қызыл қайың ішінде
Естілгені қараторғай мұңлы әні.
Бәрі қызық сәті түскен сәлемнің,
Аңсарын таптым жүрекке керек бар емнің.
Сол дәрудің асылын табар сұратпай,
Біздің ауыл кіндігі екен әлемнің.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі