Мақпалға – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мақпалға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1124
Тау мақпал, торғын тоғай, дала мақпал,
Ақ мақпал көрінеді алма бақтар.
Артық боп әлемдегі бар мақпалдан
Жаралдың, ән дүлдүлі дара Мақпал.
Сарыарқа еселеген мақтанышын,
Аққұба Есіл­-Нұра ақ талысың.
Мәдидей көкте бұлтқа мұңын айтқан,
Қазақтың қаз дауысты Мақпалысың.
Аңсатып «көкей кескен» ғашық дертің,
Үзімін үзбей сақтап, татымды еттің.
Күмбірін сал домбыра дірілдетіп,
Тірілттің бір қағысын Тәттімбеттің.
Байтақ ел, Мақпал десе шартарабы,
Ақ маржан, әсем қоңыр ән тамады.
Қиядан ай әлемді қызықтырып,
Сүйісті Алатаумен Қарқаралы.

1999


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері