Мен көрдім аққудың жас көгілдірін
Бұл бетте «Мен көрдім аққудың жас көгілдірін» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен көрдім аққудың жас көгілдірін,
Өзгертті құс-періште өмір нұрын.
Адасып қалған құсым табылғандай,
Тамылжып жас күнімдей төгілді үнім.
Жайнады кездесуді несіп етіп,
Ойнады құс қамысты кешіп өтіп.
Салғанда салтанатты саңқылына,
Кең дала жайнап жатты есі кетіп.
Қайтейін құс әніне көне бермей,
Тыңдадым Би-Фатима жебегендей.
Жас аққу Қыз Жібектей көз арбаса,
Мен тұрдым мейірі қанған Төлегендей.
Серпілді құс патшасы сезім жеңіп,
Желпінді қос қанаты жеңілденіп.
Мойнына осындайда оралсамшы
Жайқалған жас қамыстай өрімделіп.
Кім сүймес қимай қарап танығанды,
Мезетке мерекелі жаны қанды.
Құс кетті, қызық өтті, дала тынды,
Жүректе мәңгі өшпес әні қалды.
2009
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі