Мен кешіргенмін
Бұл бетте «Мен кешіргенмін» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен кешіргенмін барлығыңды,
Жасаған әрбір жамандықты.
Қалсада көңілде іздері,
Ұмытуға тырысамын мен енді.
Жақсы мен жаман арпаласты,
Іздемеймін мен кінәліні.
Болғанға тәңірім өзі куә,
Көтерер әркім де күнәні.
Жүрек құрғыр сездірмей жыласа да,
Жүремін мен жымиып ақырын ғана.
Кешірудің өзі де сауап екен,
Кеудешіл, көкірек жандарға.
Мен кешіргенмін өткен істі,
Айтылған сөз оқтан күшті.
Әйтседе орны қалар көңілде,
Ойлама жеңдім деп, сен бәрінен мықты.
Кешірудің өзі де кішілік пе?
Түсінбейсің сен бойыңда тұрғанда кісілікте.
Кешіру, кешірім сұрау,
Жаныңның жаңа бір серпілісі емес пе?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі