Айыртау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1487
Айыртау дейміз...
Ойлансақ, ең дұрысы:
Бұл қос өркеш – қазақтың Эльбрусы.
Ен табиғат ғаламаты емес пе
Көш басында көк бурадай тұрысы.
Бұлттар сүйіп күлім қаққан бетінен,
Кейпі қызық буырқанбай бекіген.
Тау – көгілдір, орман – жасыл, су – күміс,
Көз тартады «Кіші Қоскөл» шетінен.
Ғашық жігіт жан тынысын жиі алып,
Тұр ма дерсің көргеніне қуанып.
Мен секілді көрші ауылдың қызымен
Кездескенде бір сүймеген ұялып.
Тау сұлуы елден ерен туғандай,
Мың қарайсың жүрек шері бір қанбай.
Күн батарда жарқырайды қос ғашық,
Айырылмастай құшақтасып тұрғандай.
Ақ қайыңнан сезім селі қаулайды,
Қыз-­қарағай сыр шертеді тау жайлы.
Кейде егіз шың қимай қарап қоштасқан
Ақан сері – Ақтотыдан аумайды.
Арбағандай қиял-­ғайып мол орман,
«Гәккулетер» көлде құстар оянған.
Айыртауым, саған жетер жер қайда
Сүттей таза сұлулыққа оранған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айыртау өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Айыртау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Айыртау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айыртау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері