«Гауһартасты» шырқашы

Бұл бетте ««Гауһартасты» шырқашы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 671
(Клара Рахмадиеваға)

Жаның сұлу нәр алған жалыныштан,
Әнің сұлу әу десең алып ұшқан.
Оралғандай қыз қалпың үзілтесің
«Гауһартасты» жаралған сағыныштан.
Ағамызбен жарасып, алға өрледің,
Отбасында әнге де мән бермедің.
Сегіз сері әйгілі «Гауһартасын»
Сенен артық маздатар жан көрмедім.
Асқақ әннің үзімтал терші гүлін,
Жер жұмағын әкелсін өршіл үнің.
Алты қабат ақ үйді жаңғыртқанда,
Әр дыбыстан естілер көршілігің.
Ән төресі нұр­шуақ төкті арайын,
Түрлендірді Астана кең сарайын.
Шырқап салшы, жеңеше, «Гауһартасты»,
Шаршап жүрмін, аз ғана демалайын.

18.08.2008.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Гауһартасты» шырқашы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

«Гауһартасты» шырқашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Гауһартасты» шырқашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Гауһартасты» шырқашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері