Бошай кітапбаевтың айтқаны – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Бошай кітапбаевтың айтқаны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Ән көтеріп тұрғандай­ақ бұл ғалам,
Әншілерге жақын жүрем бір табан.
Сұлу саздың керектігін байқадым
Басқарма боп жүрген кезде тыңдаған.
Ән «Жезкиік» аруағын асырды,
Әуелетті, бүкіл қазақ бас ұрды.
Қан майданда қалған аяқ жұрнағы
Сырқыратқан өз күйігім басылды.
Талай тыңдап арасында жастардың,
Елтіп, балқып, сау күнімде мастандым.
Той­думанда қайта­қайта айтқызып,
Кейде өзім дирижер боп басқардым.
Біздің ауыл сән құраса шалқып тым,
Тірі жанды ән сүюге тартыппын.
Адам түгіл, «Жезкиікті» тыңдатып,
Сиырлардың сай­сүйегін балқыттым.
Ән әуені өңмеңімнен өтетін,
Мал да болса емшегі иіп кететін.
Өзіме де мінез бітті фермаға
Сиыр сауған кезден қалмай жететін.
Сауыншылар тапты қырғын жеңісті,
Ән қосылған балғын сүтті ел ішті.
Біздің табыс құпиясын естіген
Өлке, өңір тәжірибе бөлісті.
Қырық керуен кербез әннің бір қыры,
Сылқым серуен қырда киік бүлкілі.
Жер сұлуы қос жанары жарқылын
Аңсап тұрар жан­жануар құлқыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бошай кітапбаевтың айтқаны өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Бошай кітапбаевтың айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бошай кітапбаевтың айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бошай кітапбаевтың айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері