Жыр келмесе – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жыр келмесе» атты Айтқали Нәріков‎ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2290
Бір жұмбақ ой мазалап неше күннен,
Шаршап жүрмін, соны әсте шеше білмей.
Қаламымды қолыма ұстатқызды,
Жеті түнде жұлып aп төсегімнен.
Жарым жатыр тәтті ұйқы құшағында,
(Оның ешбір ісі жақ құса-мұңда).
Ал мен болсам отырмын кірпік ілмей,
Көкірегімді кернетіп күш-ағынға.
Қиын екен жыр келмей, аңтарылған,
Шапшып шығып кетердей қан тамырдан.
Қалам ұшы қадалды бір нүктеге,
Сәйгүліктей қазықта қақтарылған.
Қиналумен қанша әлі күн өтеді,
Сарқылдым ба, апыр-ау, бұл не тегі?
Өлең тумай өзегім өртенгенде,
Күдік келіп көңілімді жүдетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері