Жырсыз өткен жылдар – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жырсыз өткен жылдар» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2526
Түсірмей шұғыласын бетіме Күн,
Босқа өткен жылдарыма өкінемін.
Алаңсыз еш нәрседен жүрдім қалай,
Бардай-ақ бір өзімнің екі демім.
Деуші еді арман серік мақсаттыға,
Қу тірлік мақсатымды ақсатты ма?
Тоқмейіл болып әлде кеттім бе екен,
Басымды айналдырып мансап мына.
Селдей бір жөңкіп жатқан жарды басып,
Әйтеуір, күндер жатыр алға ұласып.
Ac ішіп, аяқты құр босатқандай,
Өзіме-өзімнің жүр қарным ашып.
Мен талай тербеп едім бесігіңді,
Айтар деп күтіп жүрмін кесіміңді.
Жанымды мұңға бөлеп, өлең, досым,
Көп болды ашпай кеттің есігімді.
Тірліктің сүйресем де қол арбасын,
Іздейді қиял құсым қонарға шың.
Өзіме болам ыза сезген сайын,
Жылдардың жырсыз өткен оралмасын.
Қалайша жүрегімді құшпас жалын,
(Өзіме сенбей неге іс бастадым).
Құлдырап көз ұшында бара жатыр,
Қосылған жыр бәйгеге тұстастарым.
Кезім ғой әр нәрседен сыр ақтарған,
(Жеңілдік болмас бірақ бұдан маған).
Мен қазір ұқсап тұрмын бейнетқорға,
Ырыс боп маңдай тері құралмаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырсыз өткен жылдар өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жырсыз өткен жылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырсыз өткен жылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырсыз өткен жылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері