Көкірегімді қамшылайды от – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көкірегімді қамшылайды от» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Көкірегімді қамшылайды от,
Көз алдымда елестер сан.
Көзіңдегі тамшыдай боп,
Дірілдеймін сені еске алсам...
Жаным жырды сағынады,
Тынысындай бір өмірдің.
Ақ сәулесі шағылады
Жүрегіме жүрегіңнің...
Сол кездерде мені іздейсің,
Жауапсыз ой қурайды арман.
Аласұрған теңіздейсің
Сұр жартасты шыр айналған...
Білмедім деп тасып жүріп,
Арнаңа бір асығарсың.
Толқыныңмен басыңды ұрып,
Өксіп іштей басыларсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкірегімді қамшылайды от өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көкірегімді қамшылайды от өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкірегімді қамшылайды от өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкірегімді қамшылайды от өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері