Өзінді осы жерден көрген едім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өзінді осы жерден көрген едім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Өзінді осы жерден көрген едім,
Өрмелеп тасым тұрған өрге менің.
Бақыттан бұлдыраған көздеріме
Теңселіп кетіп еді жер дегенің.
Қысылдым, еркін жүрер жол тарылып,
Тіреліп кірпігіме шалқар үміт.
Айрылған кемедей бір бағытынан
Тербеліп тұрып қалғам, аңтарылып.
Жұлдызым жанғандай көз қарасымда,
Айналып бара жаттың дара шыңға.
Бір түрлі күнәдан пәк хал кешіп ем,
Тұрғандай өң мен түстің арасында.
Сен болып әйнегіммен ай қараған,
(Ай мені байқаса да, байқамаған).
Жалт еткен жанарымнан, беу, дүние-ай,
Сол бір сәт соғар ма екен қайта маған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзінді осы жерден көрген едім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Өзінді осы жерден көрген едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзінді осы жерден көрген едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзінді осы жерден көрген едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері