Өзіңді ойлап, өкпеледім тағдырға

Бұл бетте «Өзіңді ойлап, өкпеледім тағдырға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Өзіңді ойлап, өкпеледім тағдырға
Мәңгі өмір сүрмедім деп неге мен?
Алып қашам көздеріңнен көзімді,
Ақ жүзіме перде ғып ар-ұятты.
Сүйген жүрек асыққанда, өзіңді
Күтуге өмір жетпейтұғын сияқты...
Жаныма сен тез келдің де, тез кеттің,
Жүрегіме тастап кеттің от менің.
Мынау жарық өмірімнің сезбеппін
Бір өзіңді күтуменен өткенін.
Күлер кезде жүрдім үнсіз томсарып,
Өзіңді ойлап, ой үстінде гүлдедім.
Қанша өмір сүрсем, сені соншалық
Күткенімді білмедің ғой, білмедің...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері