Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай,
Ұстатпай жүр уақыт сусып сынаптай.
Құлар жерде саған деген бір сезім
Сүйеп келді мені жерге құлатпай...
Жұлдызым-ау, сенің орның жоғары,
Жоғарыға басталмаған жол әлі.
Жүрек сөзін жеткізуге өзіңе
Өзге сөздер дәрменсіздеу болады.
Әлі талай таңым атар, күн батып,
Сенсіз маған сыйлай алмас жыр бақыт.
«Сүйем» деудің керегі не, жұлдызға
Жұлдыз жүрек тұрғанда өзі тіл қатып...
«Сүйемін» деп қалай айтам ұялмай,
(Адам емес, болдың маған қиялдай).
Өрттей қызыл шапағына шомылдым
Көкжиекке батқан күннің қия алмай...
Өзің жайлы ойға түрлі батамын,
Жерде тұрып жұлдызға тіл қатамын.
Таңғы алауға ұқсатады әйелдер
Өрттей қызыл кешкі күннің, шапағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері