Неге екен, неге? – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Неге екен, неге?» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Неге екен, неге?..
Өлеңiм қашып жүр менен,
Күндiз шақырам, iздеймiн оны түнде мен.
Тып-тыныш қана айдыным жатыр жел аңсап,
Жалыны сөнiп, шоққа ұмсынған құр денем.
Қашып жүр менен құрыққа көнбес асауым,
Үмiтпен күнде жолына арқан тосамын.
Бiлiп тұрамын жаныма бiр сәт жақындап,
Жалт берiп сосын кеудемнен бiр-ақ асарын.
Жатырқап қалды,
әлде ұмытты, жатсынды,
Тағдырын, бәлкiм, басқа тағдырға тапсырды.
Қашып жүр менен өлеңiм – бiр-ақ қонатын,
Ұстап ала алсам қайта ұшпайтын бақ сынды.
Жолаушы едiм, бекет те бекет, аты – лау,
Сапарым ұзақ, шын жолдас керек, батыр-ау...
Қашып жүр өлең – қия алмай менi жүр өлең,
Екеумiз қайта табысар күн де жақын-ау...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері