Бұл бетте «Мен үшін жансың ең ізгі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен үшін жансың ең ізгі,
Сезгемін, жете білмей-ақ.
Шағала сүйер теңізді,
Көтеріп кететіндей-ақ...
Кездескен тым кеш кім деймін,
Қайтемін сезім алдаса.
Сүймеймін... сүйем... білмеймін,
Күткенім ғана болмаса...
Жүзімді сүйсе таңғы-арай,
Сәбидей күліп, таңдандым.
Пендені жан боп алдамай,
Арманым ба деп алдандым...
Оранып сәуле бір нәзік
Маңайдың бүгін бәрі аппақ.
Мазасыз оймен жыр жазып,
Белестерді келем парақтап...
Астында күннің жарқылдап,
Аспанның бағып тынысын,
Шағала көңілім шаңқылдап,
Алғандай өмір тынышын...
Түндерде кірпік ілмеймін,
Көз алдым толып елеске.
Күткенім кім ол, білмеймін,
Толқыған бір сәт емес пе?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі