Көкек ананы кешіру – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Көкек ананы кешіру» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкек ананы кешіру

Апа сені көрдім ғой бірінші рет,
Айыптысың сондықтан түрің сүмек.
Жылағанда жанымда болмап едің,
Қарсы алдыңда отырмын күлімсіреп.

Дәрменсіз боп санамда сақталасың,
Өмір қиын түсін деп ақталасың.
Өз балаңды қоқысқа тастағанда,
Өзге керек қылсың ба жат баласын?

Өткен күннің ескегін есіп алдың,
Бала кезді неліктен есіме алдың?
Сені келіп қалар деп бар уақытым,
Күзетумен өтті ғой есік алдын.

Бақыт деген дүниені ұмыттырған,
Жетімдік қой өмірді шын ұқтырған.
Бөлшектерін құрайсың кешірімнің,
Көңіл әйнек бұрыннан сынып тұрған.

Кешпей сені алысқа шаба алмаймын,
Қанатымды сындырсам қаға алмаймын.
Меннен өзге перзентті сүйесің ғой,
Сен жалғызсың басқа ана таба алмаймын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар