Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды,
Көз алдымда әрбір сөзің, бар тұлғаң.
Сырт көздерге көрінбейтін сиқырлы
Бір көпір бар арамызға тартылған.
Бұл көпірдің ашылмаған сыры әлі,
Бұл көпірсіз тұңғиыққа батамын.
Екеумізді жалғастырып тұрады,
Сағыныштың сүйіп кешкі шапағын.
Көрінеді ол алған ыстық деміңнен,
Көрінеді ол қимылыңнан, сөзіңнен.
Мықтылығы шегелеген сеніммен,
Осалдығы санасады сезіммен.
Ұстатпайды уақыт деген қашаған,
Бәрі көзге жалған күліп алдайды.
Дәті барып еш уақытта еш адам
Бұл көпірді бұзып кете алмайды.
Кездеседі тірі жанға күй түрлі,
Шыңыраудан шығады алып мұратым.
Бір көпір бар арамызда сиқырлы
Табыстырып қос жүректі тұратын.
Адастырмай алып өтер тұманнан,
Табыстырып теңізбенен, тауменен,
Бір көпір бар сағыныштан құралған,
Құралған жыр, арман, үміт, сәуледен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері