Сүйсең мені, салыстырма өзгемен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сүйсең мені, салыстырма өзгемен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 731
Сүйсең мені, салыстырма өзгемен,
Кездескенде дәрменсіз ғой сөз деген.
Маңдайдағы көзбен емес, қарасаң,
Қара маған жүректегі көзбенен...
Өлең емес бір өзіңнен өзге өлең,
Өзге мені зерттеп сендей сезбеген.
Көкжиегін көңілімнің көре біл,
Бір өзіңе біткен қыран көзбенен.
Ертеменен еркелейді тауға күн,
Жарқыратып жарығымен аумағын.
Жан-дүниеме сол жарықтай жол тауып,
Айтшы, мені не сиқырмен жауладың?
Өлең емес бір өзіңсіз сөз, өлең,
(Бізге жаттың тимес оғы кезеген).
Өзің үшін сүрген мынау өмірдің
Азабына, мазағына төзер ем...
Қарамашы қабағыңа қайғы алып,
Көздеріңді көздеріме айна ғып.
Өмірімді тек өзіңмен бастар ем,
Көктем ғұмыр келсе маған айналып?..
Ыстық-суық тірлік дәмін татып көп,
Өзің жайлы ойдан шығам батып тек.
Тағдырымдай қарсы алармын мойындап,
Сен сыйлаған қасіретті де бақыт деп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйсең мені, салыстырма өзгемен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сүйсең мені, салыстырма өзгемен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйсең мені, салыстырма өзгемен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйсең мені, салыстырма өзгемен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері